Бекзат Саттарханов жайлы кітап жарық көрді
Даңқты боксшы Бекзат Саттарханов жайлы «Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітап жарық көрді. Туындыда қазақтың қайсар ұлының жарқын жеңістері, жарыстарға дайындығы баяндалған. Авторы Бейбіт Сарыбай кітапты жазу үшін Бекзаттың туған жері Түркістанда ұзақ уақыт болғанын айтады. Спортшының анасымен, жаттықтырушысымен сөйлесіп, біраз тың дерек жинаған. «Соның арқасында әйгілі боксшы туралы бұрын-соңды жарияланбаған оқиғалар қамтылды», - дейді жазушы.
Бейбіт Сарыбай, жазушы:
Бұған дейін Бекзат туралы 3-4 кітап жарық көрген. Ал бұл әдеби көркем шығарма. Бұл - бүгінгі қазақ балалары, жасөспірімдерге арналған дүние. Жастар танып және еліктеп, Бекзаттай азамат болса екен деймін.
Сырлыкүл Саттарханова, Бекзат Саттархановтың анасы:
Мен Бекзат туралы шыққан дүниенің бәріне қуаныштымын. Әрине маған оңай емес, 20 жасар баламнан айырылып қалдым. Бірақ елінің арасында Бекзаттың аты жүр. Себебі ол өзінің атын сонау Сиднейдің төрінде 20 жасында алтын әріптермен қадап тұрып мен қазақтың ұлымын, менің қазақ деген елім бар деп, айтып кеткен жігіт. Сондықтан мен барлығына рахмет айтамын.
![]()
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16