«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
Алматыда Respublica партиясының ұйымдастыруымен ReBusiness форумы өтті. Оған 500-ге жуық кәсіпкер, мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен сарапшылар қатысты. Жиналғандар кәсіпкерлікті дамыту мен бизнестің құқықтарын қорғаудан бастап цифрлық трансформация және басқа да түрлі тақырыптарды талқылады. Сондай-ақ партияның тең төрағасы Максим Барышев салық саласының маманы ретінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін өзгерістерді қарапайым тілмен түсіндіріп, кәсіпкерлерге жаңа ережелерге қалай дайындалу керек екеніне тоқталды. Форумда айтылған барлық ұсыныс Respublica фракциясының жұмыс жоспарына енгізіліп, заңнамалық бастамаларға айналмақ, дейді партия мүшелері.
Айдарбек Қожаназаров, «Respublica» партиясының төрағасы:
Президент цифрландыру мен экономиканы жаңғыртудан бастап, партиялық жүйені нығайтуға дейінгі стратегиялық басымдықтарды айқындады. Жерді толық цифрландыру тапсырмасы – ашықтық пен әділ ережелердің кепілі. Ал конституциялық реформалардағы маңызды қадам – Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі. Бұл – еліміздің саяси жүйесіндегі жаңа белес деп бағалауға болады.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20