Ақтөбе облысында жүзден аса киік қырылып қалған
Ақтөбе облысында киік қырылды. Әйтеке би ауданының аумағындағы Қияқты өзеніне су ішуге келген түз тағылары бір-бірін таптап тастаған.
Мұндай болжамды аумақтық жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының өкілдері айтты. Терең өзеннің арғы беті тік жар болғандықтан, жүзіп өте алмай қалған болуы мүмкін. Өйткені тек осы маңда он мың киік жүрген. Ауданға облыстық ветеринария басқармасының өкілдері де арнайы барды. Мамандар 108 киікті жағаға шығарып, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Өлекселерден және судан сынамалар алынды. Қазір Ақтөбе облысының аумағында 300 мың ақбөкен бар.
Әділкерей Әуелбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:
Қара суларда, үлкен терең жерлерде су қалады, содан су ішуге келген. Екінші жақ басы қамыс, үлкен жар. Содан өте алмай қалған. Енді 10 мың басты өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңіз, бірін-бірі таптап тастайды. Ол жерде 22 адам жұмыс істеді, 8 көлік болды, техника.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06