Дохада төтенше Араб-Ислам саммиті өтті
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан төтенше Араб-Ислам саммитіне Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, халықаралық қақтығыстарды реттеу бойынша мемлекетіміздің ұстанымдарын ортаға салды. Саммит барысында Ерлан Қошанов Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен жеке кездесіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Қатар Әмірі Израиль билігі жасаған әскери әрекетке қатысты Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ саммит алаңдарында Мәжіліс спикері Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен де пікір алмасты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Қазақстан Израильдің Қатар Мемлекеті аумағындағы әскери іс-әрекетін қатаң айыптайды. Бұл ұстанымды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алғашқы болып мәлімдеп, Қатар мемлекетіне табанды қолдауын білдірді. Жасалған шабуыл қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Бұл Қатар Мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді. Осындай шабуыл мемлекеттің қауіпсіздігіне ғана емес, халықаралық тәртіптің негізін басшылыққа алатын мемлекеттердің теңдігі мен егемендігіне де нұқсан келтіреді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16