Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі жалғасып жатыр. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің жетекшілігімен Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы өтті. «Жастар бейбіт өмір сүруі үшін: болашақ жолындағы синергия» атты жиында жастардың шығармашылық әлеуеті, жалған ақпаратқа қарсы күрес, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтағы жастардың рөлі сынды мәселелер қаралды. Бұл форум – тек пікір алмасу ғана емес, әр елдің өкілі тәжірибемен бөлісіп, нақты шешімдер ұсынатын алаңға айналды.
Евгений Зинковский, «Рим-Католик» шіркеуінің көмекші епископы:
Әлемге көз салсақ, қазір жастарда құндылық бөлек. Материалдық жағдайлар бірінші орынға шықты. Бірақ Қазақстанда жағдай басқаша дер едім. Бұл елде жастар әлі де рухани құндылықтарға мән береді. Сыйластық, ізеттілік, құрмет сынды қасиеттер басым. Соны байқадым. Жастар арасындағы мәселелер алаңдатқандықтан, жас дін көшбасшыларының жиынына қатыстым. Біз жіпке тізіп, көптеген проблемаларды талқыладық.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04