Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
Елімізде өзендер мен қоймалардағы су деңгейін бақылайтын ұлттық жүйе құрылады. Бұл тасқынның алдын алуға, ысырапқа жол бермеуге көмек береді. Жобаны Еуразиялық даму банкі қаржыландырады. Осылайша 2030 жылға дейін еліміздегі су ресурстарының 40 пайызы цифрлық технологиялармен қамтылады. Ирригация министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе бұған дейін Есіл және Нұра өзендерінде сынақтан сәтті өткен. Келесі жылы республика көлемінде жұмыс істей бастайды.
Қайратғали Хайрулла, «Су ресурстары ақпараттық талдау орталығы» КЕАҚ басқарма
төрағасы:
Ұлттық жүйе дегеніміз 10 модульден тұрады. Біріншіден, барлық су пайдаланушылар рұқсат алады және есеп тапсырып отыратын жалпы жүйе. Бұл жалпы Қазақстан бойынша су қорын анықтау, әрбір бассейн бойынша ақпаратты алып отыру.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06