Адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалған
Елімізде жыл басынан бері адам саудасына қатысты 141 қылмыстық іс қозғалды. Соның 7-і ағза сату, 19-ы жезөкшелікке тартуға байланысты. Бұл туралы «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған жиында айтылды. Депутат Марат Бәшімовтің сөзінше, бұрын адам саудасы туралы деректердің көбі жасырын қалатын. Ал арнайы заң қабылданғаннан кейін талай қылмыс ашылған.
Марат Бәшімов, Мәжіліс депутаты:
Бастысы, статистиканы жасыру тыйылды. Бірақ әлде де тереңірек қаузасақ, адам саудасы бұдан да көп болуы мүмкін. Сол үшін қазіргі заң жобасына бірқатар норма енгіздік. Енді «Ұлттық баяндаушы» деген лауазым бар. Олар барлық жағдайды жіпке тізіп, баяндама жасап, Мемлекет басшысына жеткізіп отырады.
Ал бала саудасына байланысты 19 дерек тіркелген. Бірі өз сәбиін сатса, енді
бірі делдал болып, заңды белден басқан. Адам саудасына қарсы күрес
басқармасының айтуынша, олар баланы 500 мыңнан 1 жарым миллион теңгеге дейінгі
сомаға саудалаған.
Айта кетсек, қазіргі заңға сәйкес адам саудасымен айналысқандар 18 жылға дейін
бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал баланы ары қарай кім тәрбиелейтінін сот
шешеді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06