Интервидение байқауында еліміз атынан «Amre» қатысады
Ертең Мәскеуде «Интервидение -2025» халықаралық ән байқауы өтеді. Өнер бәйгесінде Қазақстан атынан Әмре атымен танымал Ернар Садырбаев қатысады. Сахна төрінде онымен бірге сегіз жастағы Жасмин Қайратқызы да өнер көрсетпек. Ол осы жарыстың ең жас қатысушысы. Арнайы жарияланған кастингте жүзден аса қатысушының ішінен озық шыққан. Жалпы сайыста 23 елдің әншілері өнер көрсетеді. Тікелей эфир 2 млрд халқы бар елдерге таратылады. Әмре халықаралық байқауда «Дала таңы» атты туындысын орындамақ. Музыкасын өзі жазған. Сөзі Саят Рахымжановтыкі.
Алтынбек Рахметов, Қазақстан делегациясының бас продюсері:
Дала таңы деген ән қазағымыздың байтақ жерін, әрбір атқан таңын сипаттайтын ән. Бұл ән тек мұнда ғана емес, бүкіл қатысушылардың жүрегін жаулап үлгерді. Олар бірге қосылып, әуенін айтып жатыр.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20