Алматыда білім саласының ардагерлері жастармен кездесті
Алматыда Еңбек күні мерекесі аясында білім беру саласының ардагерлерімен кездесу өтті. Құрылыс-техникалық колледжінде ұйымдастырылған басқосудың мақсаты – сала мамандарының еңбегін бағалау, оны жастарға үлгі ету дейді ұйымдастырушылар. Шарада кәсіптік білім беру жүйесінің ардагерлері өздерінің кәсіби жолын, тәжірибесі мен елеулі жетістіктерін ортаға салды. Білім алушылардың сөзінше, олардың білім саласына қосқан үлесі еңбек мәдениетін қалыптастырып, мамандыққа деген құрметті арттырады. Әр адам өз жұмысын адал әрі білікті атқара білсе, ел дамуына елеулі үлес қосып, нағыз кәсіп иесінің және еңбек адамының үздік қасиеттерін көрсетеді дейді сала ардагерлері.
Ысқақ Нұрмұхамбетов, кәсіптік білім саласының ардагері:
Кез келген мемлекеттің, кез келген ұйымның ең негізгі фундаменті – еңбек. Осы еңбек адамы, ол еңбек адамының білімі, кәсіптік щеберлігі неғұрлым жоғары болса, сол жасаған дүние, құрылған мемлекет әр уақытта берік болады деп мен ойлаймын.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04