Қазақстанның бал экспорты арта бастады
Елімізде бал экспорты артып келеді. Жыл басынан бері 346 мың долларға жеткен. Бұл былтырғы жылдан 44 пайыз көп. Қазақстандық бал АҚШ, Сауд Арабиясы, Қатар, Иордания мен Жапонияға сатылады. Биыл бұл тізімге Венгрия да қосылуы мүмкін. Жуырда отандық кәсіпкерлер балдың алғашқы легін жіберген.
Жанар Ақбердиева, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығының аға менеджері:
Жақында «QazTrade» Венгрияға бал жіберді. Енді алдағы уақытта үлкен келісімшарттарға қол қойылады деп үміттенеміз. Біздің ең басты мақсатымыз – орта және кіші бизнесті қолдап, өңделген өнімге ден қою.
Жалпы QazTrade жыл сайын 120 компанияға жан-жақты көмек көрсетеді. Олардың қатарында жарты ғасырдан бері бал өндіріп келе жатқан Шығыс Қазақстан облысындағы бал шаруашылығы бар. Олар өнімін заманауи автоматтандырылған жабдықтарда өңдеп, негізінен Ресей нарығына шығарады. Бұған QazTrade орталығы «Экспорттық акселерация» бағдарламасының аясында қолдау көрсеткен.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20