Астанада аспаздар арасында халықаралық жарыс басталды
Астанада аспаздарға арналған AstauFest халықаралық жарысы басталды. Онда 12 елден келген 300-ден астам аспаз студент шеберліктерін паш етеді. Бұл фестиваль жұмысшы мамандықтары жылы қарсаңында және Халықаралық аспаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ ол кәсіптік-техникалық мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Фестиваль аясында Кондитерлік академия мен жаңа технологиялар зертханасы ашылды. Үш күндік шара барысында аспаздар ұмыт бола бастаған ұлттық тағам түрлерін әзірлеп, көпшілікке дәм татқызады. Қазылар алқасында 13 халықаралық сарапшы бар, оның ішінде Мишлен жұлдызының иегері аспаз Жан Ашнер төрағалық етеді.
Жан Ашнер, бас аспаз:
Әр аспаздың өз қолтаңбасы бар. Біз оның қандай тағам әзірлейтінін, қандай дәм ұсынатынын осы арқылы көреміз. Маңыздысы – әрқайсысы жаңа нәрсе әкеліп, оны бұрынғыдан да сапалы әрі қызықты етіп ұсына білуі. Міне, дәл осылайша тағам да өзгеше болады. Біз үздіктерді осыған қарап бағалаймыз.
Зәуре Қылышбаева, Астана қалалық «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі»
директоры:
Біз бұл фестивальдің негізгі мақсаты етіп аспаз мамандығын дәріптеу, жастарған осы жұмысшы мамандығының керек екенін, жұмысшы мамандығын өздері таңдаған кезде өз еріктерімен қызығушылықты оятатынын дәріптеп отырмыз.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15