«Алматы-Қызылорда» бағытында road-эстафета басталды
Бүгін Алматыда road-эстафета басталды. Қатысушылар Қызылордаға дейін 1 мың шақырымнан аса жол жүріп, тұрғындарды тазалыққа үндемек. Ауқымды жобаны «AMANAT» партиясы «Taza Qazaqstan» акциясы аясында ұйымдастырып отыр.
Ауқымды жоба Алатау мен Қаратаудың арасын қамтиды. Бұған «Жастар Рухы» жастар қанатының 3500 мыңға жуық белсендісі атсалысады. Олар бір апта жол жүріп, «Ақыртас» кешені, Сауран қалашығы сынды тарихи жерлерге тоқтап, тазартады. Аумақтарды абаттандыру аэробарлау деректеріне сәйкес жүргізіледі.
Ақерке Ескендірова, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
Біз аудандарға кіріп, экобайқауларды, экоакцияларды ұйымдастырамыз. Жол бойында шамамен 15 мәдени тарихи ескерткіштерді тазарту жұмыстарын жүргіземіз.
Road-эстафета – тарих пен тазалықты тоғыстырған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының жалғасы. Бастаманың ерекшелігі - депутаттар тұрғындармен кездесіп, жол-жөнекей қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырмақ.
Никита Шаталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мұның барлығы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қолға алынып отыр. Мақсаты – табиғаттың тазалығын сақтау, тарихи-мәдени мұраны қорғау. Осындай игі бастамалар жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастырып, ел ішінде патриотизм мен ауызбіршілікті арттыра түседі.
Танир Ясса, қоғамдық қор жетекшісі:
Бұл өте керемет бастама. «Алматы-Қызылорда» бағытында жол жүріп, қаншама тұрғындармен кездесеміз. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сеп болады деп сенеміз.
Жалпы, «AMANAT» партиясының бастамасымен былтыр да дәл осындай эстафета өткізілген. Қатысушылар онда «Астана-Алматы» бағытында жолға шығып, тұрғындарды тазалыққа үндеген болатын.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20