«SANA-1» зерттеу жобасы ресми түрде іске қосылды
Бүгін Ұлттық ғарыш орталығында еліміз үшін маңызды әрі тарихи «SANA-1» зерттеу жобасы ресми түрде іске қосылды. Бұл арнайы жасалған кампуста адамдарды ұзақ уақыт оқшаулау арқылы олардың денсаулығы мен психологиялық жағдайын жан-жақты бақылау тәжірибесі. Жобаны сала министрлігі мен Eurasian Space Ventures компаниясы жүзеге асырып жатыр. Бұл - Орталық Азиядағы алғашқы зерттеу, оған төрт қыздан құралған арнайы команда қатысып жатыр. Олар 10 тәулік бойы жер бетінде ғарыш кемесінің ерекше модулінде болып, шынайы ғарыш миссиясының барлық кезеңдерін толықтай қайталап, медициналық, психологиялық және техникалық зерттеулер жүргізеді.
Әсем Қуандық, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ ғылыми қызметкері, инженер:
Мен жылу қаптамаларын ылғалдылық және климатты өмір сүру жағдайында зерттеймін. Өйткені біз сыртқа шықпаймыз. Сонымен қатар біздің қыздарымыз ровер жинастырады. Ол - маңызды. Ғарыш саласында білікті мамандар көп болу үшін біз үнемі өзара тәжірибемен бөлісеміз.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28