Заңсыз алтын өндірумен айналысқан күдіктілер қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысында алтынды заңсыз өндірумен айналысқандар анықталды. Олардан 7 келіге жуық алтын тәркіленді. Одан бөлек 10 млн теңге және 56 мың доллар алынды. Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директорының орынбасары басқа адамдармен бірге кен орнын заңсыз игеруді ұйымдастырған. Күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз, ауыр арнайы техниканы қолданып, алтын өндірумен айналысып келген. Соның салдарынан қоршаған ортаға 300 млн теңге көлемінде залал келген. Күдіктілер 2 ай мерзімге қамауға алынды. Айта кетейік, Шығыстағы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04