Салық органдары бақылауды күшейтеді
Микроқаржы ұйымдарынан қарыз алғандар салық органдарының бақылауына ілігеді. Енді кредиттік бюролар Мемлекеттік кірістер комитетіне несиесі бар азаматтардың деректерін жібермек. Осылайша, Үкімет азаматтардың кірісі мен шығысы жайлы толық ақпарат алып отырады. Бұл салықтан жалтарып жүргендерді анықтап, көлеңкелі бизнеске бақылауды күшейту үшін жасалып отыр. Ақпарат «Смарт Дата Файнанс» базасында өңделеді. Мемлекеттік кірістер агенттігінің айтуынша, жүйе жеке деректердің таралып кетуіне жол бермейді.
Ұлдана Сүлеймен, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы:
Нәтижесінде бұл әділ салық салуға, бюджеттік түсімдердің ұлғаюына және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Осындай ақпараттарды алу салық органдарына табыс пен мүлкін бақылау жүйесін күшейтуге мүмкіндік береді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04