Солтүстік Қазақстан облысында 22 мың тұрғын ауыз сумен қамтылды
4 ауданда жүзеге асырылған жоба мерзімінен 1,5 жылға ерте аяқталды. 42 ауылда ескі құбырлар ауыстырылып, жаңа желілер тартылды. Тайынша ауданындағы 13 ауылды ауыз сумен қамту үшін жалпы ұзындығы 170 шақырым су құбыры мен сорғы станциясы салынды. Ал Ақжар ауданында 123 километр желі тартылды. Бұған дейін тұрғындар тіршілік нәрін ұңғыма мен құдықтардан алып келген және судың сапасы көпшілік көңілінен шықпайтын еді. Сонымен қатар Көкшетау топтық су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Ұзындығы 220 шақырым. Бұл желілер Айыртау және Шал ақын ауданындағы 24 ауылды қамтиды. Негізгі жұмыс аяқталды. Келесі кезекте су құбырлары тексеріліп, іске қосылады.
Орынбай Сейітов, ауыл тұрғыны:
5-6 үйдің арасында бір ортақ құбырлар бар. Суды содан алып кеп жүретін кісілер. Қазір енді бәрі үйлеріне кіргізіп алды. Септиктер жұмыс істейді, кір мәшинесі жұмыс істейді. Душ бар.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04