«Ауыл аманаты» жобасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына қосымша қаржы бөлінеді
Бұл жайында Петропавлда өткен жиында Үкімет басшысының кеңесшісі Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Өңір халқы тұтынатын жеміс-көкөністердің 80 пайыздан астамы шеттен келеді. Жиында ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында өндіріс саласын дамыту қажеттігі айтылды. Ералы Тоғжанов солтүстік аграрлық өңір бола тұра жуа, асқабақ сынды тағы басқа көкөністер мүлде өсірілмейтінін сынға алды. «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруда осы мәселелерді ескеру қажеттігі айтылды. Мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда. Бірінші кезекте 600 млн теңге игерілуі тиіс. Әзірге 28 адам өз бизнес жобасын ұсынған.
Талғат Наурызбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Әр ауданның азаматтары қатыса алады, оған шектеу жоқ. Көбі мал шаруашылығын дамыту жөнінде түсіп жатыр, құс фабрикалар бар, құстың фермалары бар. Сосын туризм бар, екі жобамыз бар.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20