Ислам ынтымақтастығы ойындары: 4 алтын
Сауд Арабиясында өтіп жатқан алтыншы Ислам Ынтымақтастығы ойындарында ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлының бір өзі үш алтын медаль жеңіп алды. Ол алдымен жұлқа көтеру жаттығуын 170 келімен бастап, 175 келіні де бағындырды. Соңғы мүмкіндігінде 183 келіге тапсырыс беріп, әлемдік рекордқа түзету енгізгісі келіп еді, зілтемір ырқына бағынбады. Алайда ол 175 келі көрсеткішпен алғашқы алтынын еншіледі. Артынша серпе көтеруде 205 келіні еңсергеннен кейін 210 келіне де көтерген. Бірақ төрешілер есепке алмады, соңғы мүмкіндікте бұл салмақты басынан асырып, екінші алтынын алды. Қос сайыс қорытындысы бойынша 385 келі нәтижемен ойындар чемпионы атанды.
Нұрғиса Әділетұлы, Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы:
Қазақ елім, мінекей. Қоржынымзда үш алтын. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Эмоциям енді кішкене біртүрлілеу болды енді. Жаңағы екінші жаттығуда кішкене өзімді дұрыс сезе алмай қалдым. Ұзақ болып кетті де. Күтіп қалғаннан кейін мен де настройымды жоғалтып алдым. Қазақ елім, сіздерге осы үш алтынды арнаймын. Құтты болсын!
Бұдан бөлек каратэден 84 келі салмақта сынға түскен Никита Тарнакин де ойындар
чемпионы атанды. Ол финалға дейін Камерун, Алжир және Албания өкілдерін, ал
шешуші бәсекеде иорданиялықтан мықты екендігін байқатты. Суға жүзуде жүз метрге
ерлер арасында аралас эстафеталық сында Қазақстан құрамасы ойындардың күміс
жүлдесіне ие болды.
Никита Тарнакин, Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы:
Қуанышымда шек жоқ. Осы жарысқа арнайы дайындалып, төккен тердің, еңбектің нәтижесі бұл. Енді келер жылғы жарыстарға дайындалатын боламын. Командалас әріптестеріме сәттілік тілеймін.
Әділбек Мусин, Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері:
Негізі ең басты мақсатым – өз жеке нәтижелерімді жақсарту ғой. Бірақ та медаль болғаннан кейін бәрібір де қуанышым шексіз болып тұр. Сол үшін өте ризамын.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16