Биыл елімізде 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған
Жыл басынан бері елде 29 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оған жылдамдықты арттыру, қарсы жолға шығу және көлікті мас күйінде жүргізу жағдайлары себеп болған. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі де бұл көрсеткішке тікелей әсер етіп отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары мәлімдеді. Ғалым Саргуловтың айтуынша, оқыс оқиғаларға көлік жүргізу тәртібінің төмен деңгейде болуы да себеп.
Ғалым Саргулов, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:
Жыл басынан бері полиция 12 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркеді. Бұл кезеңде 21 мыңнан аса мас жүргізуші анықталып, 25 мыңнан астам адам көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ 21 мың азамат әкімшілік қамауға алынып, 401 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.
Спикердің айтуынша, жол қозғалысын қадағалау мақсатында бүгінде цифрлық
шешімдер енгізіліп жатыр. Мәселен, дрондардың көмегімен 4 мыңнан астам құқық
бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, Көлік министрлігімен бірлесіп республикалық
тас жолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілген. Бүгінде ұзындығы 2
мың шақырым болатын 8 автожол қамтылған. Ал келешекте, бұл тәжірибе ұзындығы 1
мың шақырымнан асатын 10 жолда қолданылмақ.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04