Алдағы үш жылда зейнетақы өседі
2026 жылы зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге мемлекет 6,7 триллион теңге бөледі. Мәжіліс алдағы жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістерді мақұлдады. Жаңа жобаға сәйкес, үш жылда әлеуметтік төлемдерге бөлінетін қаражат көлемі айтарлықтай ұлғаймақ. Жоба мәтінінде көрсетілгендей, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 мың 596 теңге болады. Ал ең төменгі зейнетақы көлемі 69 мың 49 теңге деп бекітілген. Еңбек министрлігінің дерегінше, индексациядан кейін 2026 жылы ең төменгі зейнетақы 104 мың 645 теңгеге дейін өседі. Ең жоғары зейнетақы мөлшері 238 мың 412 теңгеге жетеді.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20