Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар лицензиясынан айырылуы мүмкін
Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бүгін Сенат тиісті заңды бірінші оқылымда талқылап жатыр. Барлау ісіне үлес қосамын деген инвесторларға біраз жеңілдік те қарастырылмақ.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Енді Қазақстаннан пайдалы қазба тапқан инвестор оны әрі қарай барлап, игере алуы мүмкін. Жаңа заңға «аз зерттелген аумақ» деген ұғым енгізілді. Оған Солтүстік Қазақстан, Зайсан, Балқаш және елдің шығысы мен орталығы кіреді. Инвесторлар тек осы аймақтардағы пайдалы қазбаларды игере алады. Қазір ұлттық компаниялардың иелігінде 53 учаске бар. Соның 20%-ы ғана игеріліп жатыр. Ал заң қабылданса, геология саласы ілгері басады, дейді депутаттар.Сондай-ақ елге шамамен 1 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылуы мүмкін. Бұдан бөлек, бүгін депутаттар «Әкімшілік әділет және норма шығару» туралы заңды бірінші оқылымда қарайды. Құжат негізінен мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы даулы мәселелер жайлы. Енді әділетсіз шешім шығарған құзырлы мекемелерге шағым түсіру жеңілдейді. Бұрын азаматтар әкімшілік сотқа бір, азаматтық сотқа бір жүгініп, уақыт жоғалтатын. Енді шағымдардың басым бөлігін тек әкімшілік сот қарауы мүмкін.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03