Елімізде банктер үшін киберқауіпсіздіктің жаңа талаптары енгізілді
Банктерге киберқауіпсіздік бойынша жаңа талаптар енгізілді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қауіпсіздіктің жаңартылған стандартын бекітті. Ережеге сәйкес, қаржы ұйымдары байланыс арналарын цифрлық жүйеге ауыстырып, файлдардағы өзгерістерді тұрақты бақылауға міндетті. Сонымен қатар құжатта қаржы ұйымдарының ғимараттарында қауіпсіздік шарасын күшейту, аудит журналдарын толық жүргізу және кибероқиғалар туралы жедел хабарлау тәртібі белгіленген. Клиенттерді сәйкестендіру жүйесіне де өзгеріс енгізілді. Енді биометриялық тексеру мен екі факторлы аутентификация негізгі талаптардың бірі болады. Қаулы 60 күннен кейін күшіне енеді.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28