«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
Елімізде «Таза көмір» технолгиясына көшу жұмысы одан әрі жеделдей түспек. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда «Таза көмір» технологияларын пайдалану барысы баяндалды. Қазір жаңа кәсіпорындар неғұрлым қатаң экологиялық стандарттар мен талаптар негізінде жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына энергетика саласын түпкілікті жаңғырту міндетін қойған. Сондықтан «Таза көмірдің» заманауи технологияларына тез көшу керек, деді Премьер-министр. Бұл көмір электр стансаларының тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға зиянды заттар бөлуді азайтуға мүмкіндік беретін қадам.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Біз осындай қорға ие бола тұра, көмір генерациясынан бас тарта алмайтынымыз анық. Сондықтан оны қолдана береміз. Бұл ретте көмірден энергия өндіретін барлық қуат көздері заманауи талаптарға сай болуы тиіс. Жаңа технологиялар көмірді жағу кезінде зиянды қалдықтар көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Энергия көздерін жаңғыртудағы әрбір жұмыстың нәтижесі ластаушы заттарды ең аз бөлу талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03