Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың солтүстік батысындағы Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды. Себебі 10 күннен бері жауын тоқтамай, елді мекендерді су басып жатыр. Қазірдің өзінде мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бірақ, әлі де 400 мыңнан аса үй жарықсыз отыр. Алда Скагит өзені жанындағы тағы 100 мың тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшіру жөнінде бұйрық берілді. Ал Снохомиш ауданының құтқару қызметі бір мәйіттің су басқан көлік ішінен табылғанын хабарлады. Мамандар бұл жағдайды сирек кездесетін «атмосфералық өзен» құбылысының салдарынан болып отыр дейді. Штатта құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қауіп әлі де сейілген жоқ.
Боб Фергюсон, Вашингтон штатының губернаторы:
Қазіргі ахуал шын мәнінде тарихи сипат алып отыр. Скагит пен Сидар секілді өзендер су деңгейінің бұрын-соңды тіркелмеген көрсеткіштеріне жетті. Мұндай ауқымдағы су тасқынын Вашингтон штатының тұрғындары осы уақытқа дейін бастан өткерген емес. Осыған байланысты біз азаматтарды жергілікті билік белгілеген эвакуациялау талаптарын бұлжытпай орындауға шақырамыз.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20