АҚШ Нигерия аумағында әскери соққы жасады
АҚШ қарулы күштері Нигерия аумағында әскери соққы жасады. Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, операция Нигерияның солтүстік-батысындағы ДАИШ террористік ұйымының нысандарына қарсы бағытталған. Мұндай шешімге лаңкестік топтың елдегі христиан қауымына қарсы жаппай қырғын ұйымдастыруы себеп. Алайда Трамп әскери операцияның қалай жүргізілгені мен оның нақты нәтижелері туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді. Дегенмен, бұған дейін ескерту жасағанын және терроризмге қатаң әрі аяусыз жауап беретінін атап өтті. Ал Пентагон басшысы Пит Хэгсет өз мәлімдемесінде операцияны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Нигерия үкіметіне алғыс білдірді.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04