Мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы 10 пайызға өседі
Келесі жылдан бастап, елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы 10 пайызға өседі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай баспасөз мәлихатында айтты. Қазақстанда 750 мыңнан астам адамның мүгедектігі бар. Сол азаматтарды қолдау үшін биыл бес заңнамалық актіге, оның ішінде Әлеуметтік кодекске өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, еңбек саласы және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелерін реттейтін 66 нормативтік құқықтық акт бекітілген, - деді вице-министр.
Виктория Шегай, Қр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар - ел азаматтарының конституциялық кепілдіктерінің бірі. Олар еңбек өтілі мен жұмысының болуына қарамастан төленеді. Жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне байланысты. Жыл сайын инфляция деңгейін ескере отырып, оларды индекстеу жүргізіледі. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшері 10 пайызға өседі.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16