Америка астанасында «Қазақстан күні» атап өтілді
АҚШ астанасында «Қазақстан күні» атап өтілді. Халықаралық валюта қорының бас кеңсесінде мәдени-іскерлік шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – еліміздің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымағын нығайту және ұлттық мәдени мұраны кеңінен таныстыру болды. Шараға қордың қызметкерлері, Дүниежүзілік банк сарапшылары, сондай-ақ шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Ұйымның атқарушы директоры Патрик Лошевски Қазақстанның Қор аясындағы белсенді қызметін атап өтіп, өзара әріптестіктің басым бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар, тараптар өңірлік тұрақтылық пен экономикалық өсуді көздейтін бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін білдірді. Шара соңында қонақтар дәстүрлі қазақ дастарханынан дәм татып, ұлттық күй тыңдап, АҚШ-тағы «Гүлдер» би ансамблінің өнерін тамашалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы