Басты Жаңалықтар АҚШ-та ғылыммен айналысып жүрген қазақтар көп

АҚШ-та ғылыммен айналысып жүрген қазақтар көп

Мыңдаған адамның өмірін сақтап қалатын дәріні ойлап тапқым келеді. АҚШ-та жүрген қазақстандық ғалым Мәулен Өтеулиев осылай деп, фармацевтика бағытында іргелі ізденіс жүргізіп жатыр. 
Мәулен Өтеулиев шымкенттік шетелге білім қуып келген. 2008 жылдан бері Америкада ұрады. АҚШ – химия саласында әлемде көш бастаған мемлекет. «Докторантураны қайда оқимын деген сұрақ туғанда бірден осы елді таңдадым» дейді ол. Қазір ерлерде жиі кездесетін қуық безі ауруына қарсы дәріні жасап жатыр.
Мәулен Өтеулиев, ғалым:

Рак ауруына қазір дәрілер жасмап жатырмыз. Ең жақсысы біз адамдарға өте тез тексере аламыз. неге өйткені, өте көп адамдар сол дәрілерді күтіп жатыр. Өйткені, олардың 3-4 айы ғана қалған. Сондықтан, олар осындай эксперименталды дәрі қолдануға разы.
Америкада ғылыми орта көп. Ғылыми зерттеулерге барлық жағдай жасалған. Бірақ, соңғы технологиямен жабдықталған қолайлы лабораториялар мен дәрі-дәрмек өндіретін зауыттар Қазақстанда ашылса, ойланбастан қайтып келемін, - дейді АҚШ-тағы қазақ жігіті.
Жалпы болашақ жоспарым осында америкада үлкен бір фармацевтикалық компанияны өзім ойлап тауып, ашып, соны басқару.
Мәулен болашақта Қазақстанның медицинасын дамытып, талай ауруға ем болатын дәрілерді ойлдап тапқысы келеді. Сол себепті де, қазіргі кезде АҚШ-та барынша тәжірибе толықтырып жүр.

Бөлісу