Газаны қалпына келтіру жұмыстары жақын арада басталады
ХАМАС қозғалысы қарусыздануы тиіс. Бұл - Газадағы бейбіт реттеудің екінші кезеңіне өту үшін негізгі шарт. Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесуден соң тілшілерге берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Екі жақ Газадағы атысты тоқтату келісімінің орындалуын талқылады. Трамп Израильді бейбіт келісім талаптарын толық сақтап отыр деп санайды. Ол Израиль келісімнің екінші кезеңіне өтуіне қатысты әрекеттерін қолдайтынын жеткізді. Алайда, атысты тоқтату жарияланғаннан бері Израиль соққылары салдарынан 400-ден астам палестиналық опат болды. Газа денсаулық сақтау қызметінің мәліметінше, қаза болғандардың басым бөлігі - бейбіт тұрғындар. АҚШ басшысы болса анклавты қайта қалпына келтіру жұмыстары жуық арада басталатынын айтты. Бірақ, ол үшін аймақта Хамастың ықпалы азаюы тиіс.
Дональд Трамп, АҚШ президент:
Біз ХАМАС туралы сөйлестік, қарусыздану мәселесін талқыладық. Оларға қарусыздану үшін өте қысқа мерзім беріледі, содан кейін оның қалай жүзеге асатынын көреміз. Бұл процесті біздің тараптан Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қадағалайды. Егер олар қарусызданбаса - онда салдары өте ауыр болады. Біз ондай жағдайды қаламаймыз.
Автор
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06