Зейнетақы жинағымен емделуге жарты жылдан кейін рұқсат беріледі
Азаматтар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатын ем-домға жарты жылдан кейін ғана қолдана алады. Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова айтты. Себебі порталда радиохирургия бойынша өтінімдер саны күрт артып кеткен. Бұрын олардың саны айына 10-нан аспайтын. Ал 12 қаңтарға қарай мұндай өтінімдер саны 7 мыңға жетіпті. Операциялар жүргізілуі тиіс деп көрсетілген клиникаларға тексеріс жүргізгенде олардың кейбірінде қажетті жабдық та, тиісті мамандар да болмаған. Ал бір клиника көрсетілген мекенжайда мүлде табылмаған. Сондықтан заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу жұмысын жүргізіп жатыр. Алдағы 6–9 айдың ішінде жекелеген операция түрлерін қайта іске қосу жоспарланған.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20