60 мың тонна қоқыс қайта өңделді
«EcoQolday» бағдарламасының аясында екі жылда 60 мың тонна қоқыс қайта өңделді. «Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде іске қосылған бұл жобаға кез келген тұрғын қатысып, табыс таба алады. Ол үшін «EcoQolday» бағдарламасын жүктеп, қоқыс жиналғанда қайта өңдеуге тапсырыс берсе жеткілікті. Мәселен, 1 келі картон үшін 40 теңге беріледі. Жоба жетекшілері қоқыстың бәрін кәдеге асатын заттарға айналдырады. Айта кетсек, бағдарламаға компаниялар да қатыса алады.
Нұржан Дүйсебай, «Жасыл даму» акционерлік қоғамының қоғаммен байланыс қызметінің басшысы:
Ал компаниялар үшін ол белгілі бір құжаттар дайындап өздері ұсыныс беріп, осы ұсыныс арқылы қайта өңдеу арқылы қатыса алады. 2025 жылға дейін «EcoQolday» бағдарламасына 136 компания тіркеген болатын. Оның ішінде 87 қалдықтарды жинау, 30 қайта өңдеуші компания және 19 толық циклды компаниялар.
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03