Жылу энергия орталықтары жаңарып келеді
Жылу энергия орталықтары жаңғырту биыл да жалғасады. Бүгінде 10 энергия блок, 63 қазандық және 39 турбина жөнделген. Саланы қаржыландыру көлемі де артқан. Нәтижесінде елде 17 мың 273 мегаватт электр энергиясы өндірілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш, дейді салаға жауаптылар. Екібастұз, Кентау, Риддер, Өскемен және Жезқазған өңірлеріндегі станциялар «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауыстырылды, ал кейбірі «жасыл» деңгейге өтті. Бұл жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыру жоспары бар.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
Жалпы, біз алдыңғы жылғы, алдымыздағы жылыту маусымына да дайындық кестесін бекітіп, жөндеу жұмыстарын бастап кеттік. Алдымыздағы осы 2026 жылы 9 энергоблок, 55 қазандық пен 51 турбина күрделі жөндеуден өтеді, электро жылу жүйелерінде де сондай көлемде жұмыстар жүргізіледі. Бүгінгі күні біз жалпы резервтік мүмкіндігі бар жылу орталықтарында жөндеу жұмыстарын бастап кеттік.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20