Көлікті eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасымен тіркеуге болады
Енді қазақстандықтар eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы автокөлігін 2 сағаттың ішінде тіркей алады. Қазір бұл мемлекеттік қызмет еліміз бойынша 100-ден астам ірі дилерлік орталықта қолжетімді. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы өкілдерінің айтуынша, басқа да автосалондар тізімі кезең-кезеңімен кеңейтіледі.
Қызмет алу үшін сатып алушы автосалонда көлікті таңдап, сатып алу-сату шартын
рәсімдейді. Ал тіркеу рәсімі қашықтан жүзеге асырылады. Яғни автосалонға қайта
барудың қажеті жоқ. Дилер өтінім жолдағаннан кейін сатып алушы eGov.kz
порталындағы жеке кабинетіне хабарлама алады немесе eGov Mobile қосымшасы
арқылы хабарлама түседі. Пайдаланушы деректердің дұрыстығын тексеріп, ұсынылған
нұсқалар арасынан мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін таңдайды және өтінімді
растайды. Осылайша тіркеудің негізгі кезеңдері онлайн форматта орындалады.
Дайын құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі таңдалған мамандандырылған халыққа
қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Бұдан бөлек, көліктің меншік иесі өзгермеген жағдайда техникалық паспорт пен
мемлекеттік нөмірді ауыстыру да онлайн форматта қолжетімді. Қызмет бір сағат
ішінде көрсетіледі. Ал көлік құралына қатысты шектеулер болған жағдай халыққа
қызмет көрсету орталығына жүгінуге тура келеді. Сондай-ақ, автокөлікті сатып
алу-сату шартын электрондық форматта рәсімдеу мүмкіндігі іске асырылды. Бұған
дейін бұл мүмкіндік жекелеген банктердің сервистері аясында, нақты қаржы
ұйымдарының клиенттері үшін ғана қолжетімді болатын.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
19.05.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
19.05.2026, 20:05