Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды.
Қақтығысқа қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара құрмет пен төзімділік танытатын айда болғанына қынжылатындарын жеткізді. Мемлекет басшысы отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға көмектескен Корольдік Үкіметіне алғыс айтты. Өз кезегінде Тақ мұрагері қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына ізгі тілегін жолдады.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халықтық құрылыс: Қандай нысандар салынады?
01.11.2026, 20:00
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20