Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды. Себебі елде баға өсімі әлі де жоғары. Инфляциялық қысым әлі толық басылған жоқ. Сол себепті Ұлттық банк әзірге базалық мөлшерлемені төмендетпей отыр.
Қазір баға біртіндеп түсіп келеді. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қаңтарда жылдық инфляция 12,2 пайыз болған. Ақпанда сәл төмендеді. Қазір – 11,7 пайыз. Бұл жақсы үрдіс. Әрі экономиканың біртіндеп тұрақталып келе жатқанын көрсетеді.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл жолғы шешім де болжамдық раунд нәтижелеріне негізделіп отыр. Комитет нақты деректер мен тәуекелдер балансын ескеріп, қазіргі макроэкономикалық жағдайға кешенді талдау жүргізді.Жылдық инфляция бәсеңдеп келеді. Ұлттық банк бұл тенденцияны жүргізіліп жатқан қатаң монетарлық саясаттың, ұлттық валюта бағамының нығаю нәтижесі мен Үкіметпен бірлескен шаралардың жемісі деп бағалап отыр. Сондай-ақ, тұтынушылық несие берудің азаюы да нарықтағы сұранысты реттеуге септігін тигізген.
Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
Бүгін біз базалық ставканы өзгеріссіз қалдырдық. Инфляция баяулады. Демек, біздің Үкіметпен бірлескен шараларымыз нәтижесін беруде.Енді тек нарықтың тыныш болғаны маңызды. Әлемдік геосаясат құбылмаса, ішкі-сыртқы факторлар кері әсерін бермесе, алдағы кезеңде инфляция қарқыны әлде де төмендеуі керек. Ондай жағдайда Ұлттық банк базалық ставканы екінші жартыжылдықта төмендету мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Бұл жақсы жаңалық. Бірақ, инфляция әлі де жоғары, сондықтан қазір ставканы төмендетуге болмайды. Біздің міндетіміз – биылғы жылы инфляцияны бір мәнді қарқынға дейін төмендету. Жоғары инфляция бизнеске де, халыққа да ауыр тиеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00