Ерболдың анасы: Ұлым батыл мінезінің арқасында чемпион атанды
Ерболдың анасы ұлының чемпион атанатынын сезгенін айтады. Бұл Ерболдың Италияға аттанғандағы басты мақсаты болатын деді. Талай жыл төккен тер мен еңбектің ақталғанына қуанышты екенін жеткізді. Тағдырдың тәлкегіне мойынсұнбаған, Қазақстан параспорт тарихында есімі алтын әріппен жазылатын атлеттің анасы және жақындарымен тілдесіп көрген едік. Олар мұндай тарихи жетістікке жетуіне атлеттің алған бетінен қайтпайтын мінезі әсер етті дейді.
Ғалия Алпысбаева, Ербол Хамитовтың анасы:
Ананың жүрегі кішкене сезіңкіреді. Жаңа жұмыста болсам да, тікелей эфирден қарап отырдым. Жұмысымды тастай салып. Бірінші орында келгенде кереметтей өзімді сезіндім. Көз жасым шығып кетті, қуанғанымнан жылап жібердім. Бәрі жан-жақтан құттықтап жатыр. Бәріне рақмет!
Гүлнар Есімова, Ербол Хамитовтың әпкесі:
Күні кеше ғана Ерболымыз үшінші орынға ие болған кезде күллі қазақ халқынан кешірім сұрап жатыр еді. Еліміздің Әнұранын шырқата алмадым деп. Мінекей, бүгін Ерболымыз еліміздің абыройын көтеріп биік тұғырға қондырып жатыр. Өте қуаныштымыз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04