16 сағаттық онлайн-марафон өтіп жатыр
Дәл қазір «Референдум – 2026» онлайн-марафоны жатыр. Түнгі бірге дейін жалғасатын шарадан әріптесім Самал Қабышева тікелей байланысқа шығып, ақпарат беруге дайын. Самал?
Самал Қабышева, тілші:
Қоғамды біріктіретін тағы бір маңызды күш ол – еріктілер қозғалысы, яғни волонтерлер. Бүгінде Қазақстанда мыңдаған жас түрлі әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамға өз еркімен көмектесіп жүр. Дәл қазір осы тақырып онлайн марафонның ток шоу алаңында талқыланады. Бүгін өтіп жатқан референдум Наурыз мейрамымен де ерекше байланысып тұр. Ұлтты ұйыстырған ұлы мереке қарсаңындағы марафонда Әз-Наурыз тойы басты тақырыптың бірі.Тарихи дерекке сүйенсек, 1991 жылғы 15 наурызда Наурыз мейрамы ресми түрде мемлекеттік мереке ретінде бекітілген. Демек, тарихи шешімнің қабылданғанына міне тура 35 жыл толып отыр. Сағат 9:00 де басталған онлайн марафон – тек пікір алаңы ғана емес. Марафон мазмұны қызық, осы алаңда референдум барысы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, орталық референдум комиссиясының брифингтері, орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәлімделері, қоғамға қозғау салған тақырыптар төңірегінде ток-шоулар, өңірлік және шетелдік тілшілермен тікелей қосылымдар, марафон қонақтарымен блиц-сұхбаттар ұйымдастыратын экспресс камералар жұмыс істеп жатыр. Марафонға 100-ден аса спикер қатысуда. Іс-шара түнгі 1-ге дейін жалғасады. Тікелей эфирде өтетін онлайн марафон 16 сағатқа созылады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41