Ресей және Беларусь елшілері Наурыз мейрамымен құттықтады
Ресей және Беларусь елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Дипломаттар жылы лебізін білдіріп, бұл жолғы мейрамның ел өміріндегі маңызды саяси өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанын жеткізді. Жаңа Конституцияның қабылдануымен Қазақстанның мемлекеттік негіздері жаңарып жатқанын атап өтті. Ресей және Беларусь елшілері – бұл тарихи кезеңді елдің заманауи даму жолындағы маңызды белес ретінде бағалады.
Алексей Бородавкин, Қазақстандағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті
елшісі:
Құрметті достар, қадірлі қазақстандықтар, сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл бұл мейрам ерекше жағдайда өтуде. Жаңа Конституция қабылданды. Референдумның сәтті өтуі Қазақстанды одан әрі дамытуда және елдің саяси-құқықтық жүйесін жетілдіруде маңызды кезең болды. Реформаның табысты орындалатынына сенім мол. Қадірлі қазақстандықтар, сіздерді тағы да Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Әр шаңырақта махаббат пен бақыт, береке мен мықты денсаулық орнасын. Баршаңызға игілік тілеймін!
Алексей Богданов, Қазақстандағы Беларусь Республикасының төтенше және
өкілетті елшісі:
Құрметті достар, қазақстандықтар! Беларусь халқының атынан сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз табиғат жаңаруымен қатар, қоғамдағы бірлік, тұрақтылық, келісім мен құндылықтарды жаңғыртатын, дәріптейтін ерекше мән-мағынаға толы. Әр шаңыраққа жылулық пен қуаныш орнасын, бейбітшілік пен тұрақты даму болсын!
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 18:17
Қиыршық тас шығарудың озық технологиясы
03.04.2026, 18:02
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41