Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
- Былтыр Қазақстанда Молдова елінің алғаш рет елшілігі ашылды. Шілдеде іске кіріскен елшілік Қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Украина елшісі де қазақ халқын Ұлыстың Ұлы мейрамымен құттықтап, толағай табыс тіледі. Елшілер екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді. Олар Қазақстандағы өздерінің диаспораларының өміріне жоғары баға беріп, елдің көпұлтты қоғамының берекелі, әрі тұрақты дамуындағы үлесін ерекше атап өтті.
- Штефан Горда, Қазақстандағы Молдова республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі:
- Мен Қазақстандағы Молдова Республикасының алғашқы Елшісімін.Қазақстанда Молдава елшілігі 2025 жылы 1 шілдеде ашылды. Осы аралықта Қазақстанның 6 облысына барып үлгердім. Әкімдермен, халықпен, бизнес өкілдерімен, мәдени қауымдастықтармен кездестім. Бізде үш этномәдени бірлестік бар — Алматыда, Қарағандыда және Павлодарда. Мен сіздердің өңірлеріңізді аралап, көптеген мәдени іс-шараларға қатыстым. Сіздердің мәдени мұраларыңыздың бір бөлігімен таныстым. Сіздерде мақтануға тұрарлық дүние өте көп. Қазақстан — даму жоспары өте перспективалы, қарқынды дамып келе жатқан ел.
- Виктор Майко, Қазақстандағы Украинаның Төтенше және Өкілетті елшісі:
- Қазақстан аумағында ең ірі Украин диаспораларының тұрады – бұл шамамен 400 мың адам. Осы жерде өмір сүріп, Қазақстанды өздерінің туған үйіндей қабылдаған отандастарымызбен сөйлескен сайын, олардың өздерін мұнда қонақ емес, өз үйіндегідей сезінетінін ерекше атап өткім келеді. Осындай кең пейілді қонақжайлық тек украиндарға ғана емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне көрсетіледі. Бұл елді одан әрі күшейтіп, болашағын жарқын әрі берік етеді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында 143 шақырым электр желісі қайта жаңартылады
03.04.2026, 17:57
Оралда жаңа көпір құрылысы басталады
03.04.2026, 17:54
Еуропада қайта өңделген ескі киімдерге сұраныс артты
03.04.2026, 17:49
Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты Еуропа мен Африкаға көлік экспорты қиындады
03.04.2026, 17:47
Әлем нарығында мұнай айтарлықтай қымбаттады
03.04.2026, 17:45
Жол апатынан 616 адам жарақат алған
03.04.2026, 17:41
Медицина қызметкерлерінің атынан алаяқтық қоңыраулар жиіледі
03.04.2026, 17:40
Отандық машина жасау саласы жаңа деңгейге көтеріледі
03.04.2026, 17:35