Түркия елшісі: Наурыз – түркі әлемін біріктіретін мереке
Түркия және Германия елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамы мерекесімен құттықтап, ел азаматтарына амандық, бақ-береке және толайым табыс тіледі. Дипломаттар көктемнің жаңаруымен үндес бұл мерекенің қоғамдағы бірлік пен өзара құрметті нығайтатын ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Түркия тарапы Наурыздың күллі түркі халықтарына ортақ рухани құндылық екенін жеткізді. Сонымен қатар, елшілер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси жаңғыру үдерістеріне жоғары баға беріп, реформалардың табысты іске асуына тілектестік білдірді.
Мустафа Капуджу, Қазақстандағы Түркия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі:
Біздің мерекеміз – Наурыз мейрамының қазақ бауырларымызға Құтты болуын тілеймін. Өздеріңіз білетіндей, Наурыз – бастамалардың және бауырластықтың символы ретінде түркі әлемінде тойланатын ортақ мереке. Мен биыл Қазақстандағы қызметім барысында төртінші рет Наурыз мейрамын бауырлас Қазақстанда, қазақ бауырларымызбен бірге атап өтетініме өте қуаныштымын. Қазақ халқына өзімнің құрметім мен ізгі тілектерімді білдіремін. Наурыз құтты болсын!Моника Иверсен, Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының елшісі:
Барша қазақ жұртын көктемнің шуақты әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12