Венесуэла және Латвия елшілері Наурыз мейрамымен құттықтады
Венесуэла және Латвия елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін жолдады. Латын Америкасының жарқын өкілі саналатын Венесуэла табиғи ресурстарға бай, өз болмысында еркіндік пен жаңашылдық рухын сақтаған ел. Ал Балтық өңіріндегі Латвия – еуропалық даму үлгісін ұстанған, цифрландыру мен тиімді мемлекеттік басқаруда озық тәжірибесі бар мемлекет.
Росальба Ло Буэ Антико, Қазақстандағы Венесуэла Боливариан Респуубликасының төтенше және өкілетті елшісі:
Сәлеметсіз бе, Қазақ елім! Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бақыт, шаттық, береке тілеймін. Наурыз Құтты болсын!
Даце Рутки, Қазақстандағы Латвия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі:
Мен – Даце Рутки. Қазақстандағы Латвия елшісімін. Құрметті Қазақ елі, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Наурыз –үміт пен жаңғырудың, татулық пен бірліктің символы. Осы жарқын мейрамда Қазақстан халқына зор денсаулық, мол табыс пен сәттілік тілеймін. Әр шаңыраққа бақ-береке, Қазақстанға тұрақтылық пен өркендеу серік болсын!
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04