Шетелде жүргендерден де алимент өндіріледі
ТМД елдерінде жүрген қазақстандықтардан алимент өндіру жұмысы жеңілдейді. Бүгін Сенат депутаттары аталған құжатты мақұлдады. Ратификацияланған конвенция аясында еліміздің сот шешімі өзге елдерде тікелей іске асады. Яғни қағазбастылық азайып, жұмыс жүргізу жеңілдейді. Бүгінде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Әзербайжан, Беларусь елдерінде жүргендердің алимент қарызы 47 млн теңгеден асады. Бұл шамамен 106 іс. Енді, борышкерден алимент, қай елде жүргеніне қарамастан, бірден өндіріледі. Құжат кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғауды көздейді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қаралған хаттамалар Минск және Кишинев конвенцияларға қосылған елдерде балаларға алимент өндіріп алу тетіктерін жетілдіруді көздейді. Осы мақсатпен сот бұйрықтарын тану бөлігінде қажетті түзетулер енгізіліп отыр. Бұл түзетулер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тиімділігін арттырады деп сенеміз.
Қазір Қазақстанның 17 елмен келісімі бар. Беларусь, Молдова, Грузия,
Корея, Литва, Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Вьетнам, Түрікменстан,
Түркия,Үндістан, Біріккен Араб әмірліктері, Иран. Яғни осы елдерде жүрген
қазақстандық борышкерлерден алимент мәжбүрлі түрде өндіріледі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04