ӘЧ: Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр
Прага қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бақ сынап жатыр.
22 жастағы қазақстандық спортшы Диас Жиренбаев жарыстың екінші күнінде 59,34 ұпай жинады. Жиренбаев үшін бұл әлемдік біріншіліктегі алғашқы өнері. Турнирге Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров барған жоқ. Жыл басында Италияда өткен қысқы Олимпиададағы жеңісінен кейін ол мансабында үзіліс алуға шешім қабылдаған. Дәл осы Жиренбаев маусымның басты додасында құрама көшбасшысының орнын басуға мүмкіндік алды. Қысқа бағдарламада барлығы 36 мәнерлеп сырғанаушы бақ сынайды. Олардың арасында әлемдік деңгейдегі үздік өнерпаздар бар. 28 наурызда өтетін еркін бағдарламаға жолдама алу үшін спортшылар ең үздік 24 қатысушының қатарына енуі қажет. Сондай-ақ бұл турнирде Қазақстан намысын Софья Самоделкина да қорғап жатыр. Ол өзінің қысқа бағдарламасын бір күн бұрын орындап шықты. 66.95 ұпай жинап, аралық есепте 12-орынға тұрақтады. Осылайша қазақстандық спортшы еркін бағдарламада ел намысын қорғауды жалғастырады.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04