Сенатор: Жол ережесін жиі бұзғандарға 50% жеңілдік берілмеуі тиіс
Жол ережесін жиі бұзғандарға 50% жеңілдік берілмеуі тиіс. Сенат депутаты Марат Қожаев осындай ұсыныс білдірді. Сонымен қатар көп жол ережесін бұзу дерегі бар жүргізушілерді қайтадан емтихан тапсыруға міндеттеу керек деп санайды. Осылайша сенатор ережені жүйелі түрде бұзатындарды қатаң жауапқа тарту керек деді. Ол бұл ұсынысын Үкіметке жеткізгенін, қазір пысықталып жатқанын айтты.
Марат Қожаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Елде шамамен жүргізушілердің 5-6 пайызы жүйелі түрде жол ережесін бұзады. Ал 94-95 пайызы жол ережесін сақтайды. Заңға бағынбайтындарды қатаң жауапқа тарту керек. 50 пайыз жеңілдікті алып тастап, қайта емтихан тапсырыруға жіберу керек. Германияда жол ережесіне бағынбайтындарды жазалайтын арнайы сынақ бар. Бұл талапты біздің елде де күшейту керек.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04