Үкіметте елдің инновациялық әлеуетін дамыту мәселесі қаралады
Қазақстан IT стартаптарды жаһандық нарыққа шығаруды көздейді. Қазірдің өзінде АҚШ-тағы Кремний алқабында, Сауд Арабиясында, Ұлыбританияда мен Сингапурда және Қытайда халықаралық инновациялық хабтар ашылған. Аталған саладағы еліміздің әлеуетін барынша дамыту керек. Қазір Үкіметте де осы мәселе талқыланып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Елдің инновациялық әлеуетін дамыту. Бүгін Үкімет отырысында күн тәрітібіне шығарылғане негізгі мәселе осы. Цифрландыру бойынша еліміздің жетістіктері көпшілікке белгілі, дегенмен мүнымен тотап қалуға болмайды. Мамандардың айтуынша, 2030 жылға қарай ЖИ-дің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 22 трлн доллардан асуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан көштен қалмауы тиіс. Президентіміз алдағы 3 жылда толықтай цифрла елге айналуы керек деген тапсырма қойды. Бұл межеге қаншалықты жақындадық? Нақты қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Әзірге белгілісі мемлекеттік қызметтер цифрландырып жатыр. Бұл процесс қазіргіден де жеңілдей түседі. Өйткені AI-агент – AlemGPT атты жаңа сервис іске қосылады. Құрылыс саласына да 30-дан астам инновациялық жоба, атап айтсақ сатып алу-сатуды автоматтандыру, объектілерді мониторингілеу, техниканы басқару және еңбекті қорғауға арналған платформалар енгізілді. Одан бөлек Astana Hub халықаралық инновациялық кластері бар. Бүгінде кластер Қазақстан мен Орталық Еуразиядағы IT-индустрияның негізгі орталығына айналып, стартаптар, инвесторлар және технологиялық компаниялар үшін қуатты экожүйе қалыптастырды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03