Басты Жаңалықтар Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Марапат Тао Минсюдің Қытай медиа-кеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілді.Тао Минсю Қазақстанға алғаш рет 2024 жылы қыркүйекте арнайы шақырылған медиа-инфлюенсер ретінде келген. Содан бері ол еліміздің бірқатар өңірнде болып 100-ден аса материал жариялаған. Қазақстанға бесінші сапары аясында блогер Алматы – Ақтау – Түркістан бағытымен сапарлап, Амал және Наурыз мерекелеріне арналған іс-шараларға қатысты.

Бөлісу