Басты Жаңалықтар Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті

Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапының боксшыларының арасынан бүгін тағы төрт былғары қолғап шеберіміз жартылай финалға жолдама алды. Өкінішке қарай, екі боксшымыз өз кездесулерінде жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Қазақстан ерлер құрамасы сапынан шаршы алаңға көтерілген Әлем чемпионы 50 келі салмақ дәрежесіндегі Санжар Тәшкенбай үндістандық қарсыласына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады. Ал 65 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Ертуған Зейнуллинов қырғызстандықпен жұдырықтасты. Алғашқы кезеңнен бастап, кездесуді өз қолына алған жерлесіміз, дәл соққылар жасап, жартылай финалға жолдама алды. Ендігі оның қарсыласы Тай боксшысы болмақ. Аса ауыр салмақтағы команда капитаны Айбек Оралбай өзінің алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Ертең шаршы алаңға тағы бес боксшымыз шығады. Оларда жартылай финал жолдамаларын сарапқа салады. Ұлан-Батыр төріндегі жекпе-жектерді «Qazsport» арнасынан көре аласыздар.

Бөлісу