Басты Жаңалықтар 13 боксшымыз жартылай финалда

13 боксшымыз жартылай финалда

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер басталды.Worlg boxing  ұйымының президенті Геннадий Головкинде Ұланбатырға келді. Ал, Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы сапынан 13 былғары қолғап шеберіміз осы кезеңге жолдама алды. Кешегі ширек финалдық бәсекелер қортындысы бойынша соңғы болып, тағы үш боксшымыз, құрлықтық доданың жүлдесіне таласуға мүмкіндік алған.

Әйелдер боксында 48 келі салмақ дәрежесінде Әйгерім Сәттібаева, осы салмақтың үздігі саналған өзбек қызынан жеңісті жұлып алды.  Алғашқы раундта басымдылық қарсыласына кеткен. Үзілістен кейін, ширақ қимылдап, таразы басын өзіне аударып жіберді. Бес баланың анасы Әйгерімді қолдауға оның жұбайы да келген. Енді  ертең ол жартылай финалда шаршы алаң иесімен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.

Сонымен қатар 75 келі салмақтағы Сабыржан Аққалықовта өзінің алғашқы кездесуін сәтті өткізіп, жапониялықтан басым түсті. Енді ол ертеңгі жартылай финалда моңғолия өкіліне қарсы шаршы алаңға көтеріледі.90 келі салмақтағы Сағындық Тоғамбайда өзінің байырғы қарсыласы қытайлықтан ұпай саны бойынша жеңіске жетіп, жартылай финалдан орын алды. Енді ол өзбекстандықпен жұдырықтасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік Уорд боксинг ұйымының аясында өтіп жатқан Азия чемпионатында 20 медальдар жиынтығын сарапқа салынады.


Бөлісу