Басты Жаңалықтар Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды

Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды

Алматы облысында пәтерлерді тонаған бірнеше топ ұсталды. Олар біреудің үйіне терезе арқылы түсіп, алтын бұйымдар мен ақшаларын қолды қылған. Қаскөйлер жалпы сомасы 21 млн теңгеден астам шығын келтірді. Полиция күдіктілерді ұстап, қамады. Олардың тоғыз пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Араларында жасөспірімдер де бар. 14 пен 17 жастағы балалар үш ұрлық жасаған деген күдікке ілікті. Ішкі істер министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шараларына бей-жай қарамауға шақырады. Сапалы құлыптары бар сенімді кіреберіс есіктер мен терезелерге қорғаныс торларын орнатып, мүмкіндігінше дабыл, бейнеқабылау жүйелерін қоюға кеңес береді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде қаражаттарды, құнды заттарды сақтау орындары туралы ақпаратты жарияламауды ескертеді.


Бөлісу