Қазақстан – Корея стратегиялық серіктестігі нығая түсті
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады. Кездесуде Президент Қазақстанның корей халқына және Корея Республикасының даму деңгейіне құрметпен қарайтынын атап өтіп, Астана екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Мемлекет басшысы Кан Хун Шиктің арнаулы өкіл ретінде елімізге жасаған сапарының маңыздылығына тоқталды және Корея Президенті Ли Чжэ Мёңге ыстық лебізін жолдады. Ал мәртебелі мейман қонақжайлық үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдумның табысты өтуіне орай Президент Ли Чжэ Мёңнің құттықтауын жеткізді. Корея тарапы Қазақстанмен сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды күшейтіп, бірлескен жобаларды кеңейтуді көздейді. Сонымен бірге тараптар энергетика және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Кан Хун Шик Қазақстан Президентін Сеулдегі саммитке шақырып, Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруды қабыл алды.
Мен еліміздің Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасын өте жоғары бағалаймын. Оны одан әрі дамытуға барлық күш жігерімді пайдаланамын. Шын мәнінде, біз корей халқын жақсы сыйлаймыз. Сондықтан біздің қарым-қатынасымыздың келешегі жарқын болады деп ойлаймыз. Президент Ли Чжэ Мёңнің арнайы өкілі ретінде елімізге жасаған ресми сапарыңыз қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі ілгерілету үшін маңызды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы